28.07.2024 | 01:31

КИРИЛЛ ГЕРАСИМЕНКО ПАРИЖДЕ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІСІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Үстел теннисінен Ұлттық құрама көшбасшысы Кирилл Герасименко Париж Олимпиадасындағы бірінші ойында қарсыласын басым түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыз чилилік атлет Николас Бургосқа еш мүмкіндік бермеді. Есеп 4-0.

Келесі матчта 1/32 айналымда Герасименко Португалия не болмаса Германия қүрамасының спортшысымен кездеседі.

Суреттер: Тұрар Қазанғапов.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес