06.11.2023 | 11:11

Кирилл Герасименко Словениядағы турнирде топ жарды

Словенияның Оточец қаласында өткен үстел теннисінен WTT Feeder Otocec 2023 турнирі Ұлттық құрама көшбасшысы Кирилл Герасименко үшін табысты болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол жекелей сында барлық ойында жеңіске жетіп, алтыннан алқа тақты. Атап айтар болсақ, Кирилл Алекс Науми (Финляндия) 3:0, Иржи Мартинко (Чехия) 3:0, Чжоу Кай (Қытай) 3:2, Мартин Аллегро (Бельгия) 3:1, Александр Кассен (Франция) 3:2, Овидиу Ионескудан (Румыния) 3:1 есебімен айласын асырды.

Ал бірнеше күн бұрын Алан Құрманғалиев Мажарстандағы WTT Youth Contender Szombathely 2023 турнирінде 17 жасқа дейінгі санатта күміс, 19 жасқа дейінгі ойыншылар арасында қола жүлдеге қол жеткізген. Жартылай финалға дейін Чулонг Ние (Аустралия), Францишек Колодзейчик (Аустрия), Петр Ходин (Аустрия), Маттиас Данзер (Германия), Борна Петека (Хорватия), Вима Вердоншотті (Германия) жеңіп, жапониялық Кейши Хагихараға есе жіберген.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес