31.07.2024 | 19:02

КИРИЛЛ ГЕРАСИМЕНКО ТАРТЫСТЫ МАТЧТА ЕСЕ ЖІБЕРДІ

Үстел теннисінен Ұлттық құрама көшбасшысы Кирилл Герасименко Париж Олимпиадасының жекелей сынын аяқтады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты  дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол 1/8 айналымда Омар Мұхаммади Ассармен (Мысыр) болған өте тартысты ойында жеңіліп қалды. Есеп: 2-4 (11-8, 11-6, 10-12, 10-12, 9-11, 3-11).

Десе де Кирилл Олимпиада ойындарында үздік нәтиже көрсеткен қазақстандық ойыншыға айналды. Бұл оның 3-ші Олимпиадасы.

Омар Мұхаммади Араб елдері ойындарының чемпионы және күміс жүлдегері. Ол осымен 4-рет Олимпиадаға қатысып тұр. Мысырлық қазір әлем рейтингінде 22-ші, Кирилл 46-орында тұр. Бұл екі ойыншы арасындағы 4-ойын. Бүгін есеп теңесті (2-2).

Сурет: Тұрар Қазанғапов.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес