01.06.2025 | 21:16

КЛАССИКАЛЫҚ ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЧЕМПИОНДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Бүгін Астана қаласында классикалық шахматтан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Әйелдер арасында 13 тур, 14 қатысушы:

1. Елназ Қалиахмет (Алматы обл.) - 10 ұпай

2. Зарина Нұрғалиева (Атырау обл.) - 9,5 ұпай

3. Меруерт Камалиденова (Астана қ.) - 8,5 ұпай

14 жастағы Елназ Қалиахмет танымал қарсыластары  Меруерт Камалиденова, Амина Қайырбекова, Алуа Нұрман, Ксения Балабаеваны артта қалдырып, Қазақстанның ең жас чемпионы атағын иеленді.

Ерлер арасында 13 тур, 14 қатысушы:

1. Қазыбек Нөгербек (Астана қ.) - 9 ұпай

2. Денис Махнев (Павлодар обл.) - 9 ұпай

3. Алдияр Аңсат (ШҚО) – 8 ұпай

Чемпиондықтың тағдыры Қазыбек пен Денистің арасындағы қосымша рапид және блиц партияларында шешіліп, Қазыбек өз мансабында алғаш рет топ жарды. Биылғы чемпионаттың жалпы жүлде қоры 20 миллион теңге.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес