15.06.2022 | 17:29

Көгалдағы хоккей: әйелдер құрамасы Азия ойындарына жолдама алды

Индонезия астанасы Джакартада әйелдер арасында көгалдағы хоккейден Азия ойындарына іріктеу турнирі аяқталды.

Қазақстан мен Гонконг құрамасы барлық 6 матчтың 5-еуінде жеңіп, бір рет қарсыласқа жол берді. Екеуі де 15 ұпай жинағанымен, доп айырмасы бойынша Гонконг қыздары басым түсіп, жеңімпаз атанды. Ал біздің Ұлттық құрама күміс жүлдегер атанды. Үздік үштікті 4 ойында жеңіске жеткен Сингапур түйіндеді. Одан кейін Өзбекстан (3 жеңіс), Индонезия (2), Шри-Ланка (1), Камбоджа (барлық ойында жеңілген).

Осылайша, алдағы XIX жазғы Азия ойындарына 6 ел жолдама алды. Олар: Гонконг, Қазақстан, Сингапур, Өзбекстан, Индонезия, Шри-Ланка.

Айта кетейік, XIX жазғы құрлық ойындары биыл 10-25 қыркүйек аралығында Ханчжоу қаласында (Қытай) өтуге тиіс еді. Алайда Азия Олимпиада кеңесі (OCA) індеттің өршуіне байланысты кешенді бәсекені белгісіз мерзімге шегерді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес