09.03.2023 | 09:38

Командалық сында Ұлттық құрама 2 медаль жеңіп алды

Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте 17 және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында семсерлесу мен қылыштасудан Азия чемпионаты аяқталды. Құрлық додасының соңғы күні Ұлттық құрама қоржынына тағы 2 медаль түсті.

Қылыштасудан ерлер құрамасы қола медаль үшін болған кездесуде Жапониядан 45:37 есебімен басым түсті. Біздің спортшылар жартылай финалда Өзбекстаннан 29:45 есебімен жеңілген. Құрама сапында Бексұлтан Абжал, Қуаныш Эргашбай, Нұрсат Айтмырза мен Қайназар Нұркатұлы өнер көрсетті.

Осыдан соң семсерлесуден ерлер құрамасы қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды. Финалда отандастарымыз Оңтүстік Корея құрамасын сенімді (45:35) жеңді. Жеңімпаз атанған қазақстандықтар – Богдан Лукин, Ғабиден Мұстафин, Георгий Тинников пен Александр Федотов. Айта кетейік, осыған дейін жекелей сында Александр Федотов күміс жүлдеге ие болған.

Жастар арасындағы биылғы әлем чемпионаты сәуір айында Болгарияның Пловдив қаласында өтеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес