12.03.2025 | 20:37

КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАЗАҚСТАННАН КІМДЕР ҚАТЫСАДЫ?

Норвегияның Хамар қаласы жеке дистанциялар бойынша конькимен жүгіруден араға 29 жыл салып,  әлем чемпионатын қабылдауға мүмкіндік алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Vikingskipet спорт кешенінде 1994 жылғы қысқы Олимпиадада конькимен жүгіруден Людмила Прокашева 3 000 метр қашықтықтықта 4-орын және 1996 жылғы жеке дистанция бойынша бірінші әлем чемпионатында 3 000 метр қашықтықтықта қола жүлдегер атанған.

13-16 наурыз аралығында өтетін бәсекеге әлемдік рейтингтегі үздік 24 спортшы (5 000 және 10 000 метрде - 12 спортшы) ғана қатысу құқығына ие.

Салыстырмалы түрде 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасында 27 елдің өкілі жүлдеге таласса, 2025 жылғы ӘЧ-да 20 мемлекет ғана қатысады. Қазақстаннан 5 спортшы аттанды.

Ерлер:

14 наурыз. 500 метр. Евгений Кошкин (16-орын)

14 наурыз. 500 метр. Алтай Жәрдембекұлы рейтингте 25-орында тұр. Егер бір спортшы бас тартқан жағдайда, оның орнын алмастырады.

Әйелдер:

13 наурыз. Командалық спринт (3-орын, Кристина Силаева, Надежда Морозова, Дарья Важенина)

14 наурыз. 500 метр. Кристина Силаева (13-орын)

14 наурыз. 500 метр. Надежда Морозова 25-орында тұр. Өзге спортшының орнын алмастыруы мүмкін.

15 наурыз. 1 000 метр. Надежда Морозова (15-орын)

15 наурыз. 1 000 метр. Кристина Силаева (20-орын)

16 наурыз. 1 500 метр. Надежда Морозова (22-орын)

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес