13.05.2025 | 11:26

КОПЕР ҚАЛАСЫНДАҒЫ CHALLENGE CUP ТУРНИРІНЕ КІМДЕР ҚАТЫСАДЫ?

15-18 мамыр аралығында Словенияның Копер қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup сериясының жарысы өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама сапында 3 спортшы жүлдеге таласады. Олар:

Зейнолла Ыдрысов (тұтқалы ат снаряды)

Дияс Тойшыбек (тұтқалы ат снаряды, керме)

Фарух Набиев (тіреніп секіру, еркін жаттығу, керме, қоссырық)

Айта кетейік, бұл турнирге қазір 22 елден 58 гимнаст тіркелді. Финалдар 17-18 мамырда өтеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес