26.04.2025 | 22:14

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКА: ҚАЗАҚСТАН ЕНШІСІНДЕ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ 7 ФИНАЛЫ БАР

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан көркем гимнастикадан әлем кубогы кезеңі бел ортасына жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Іріктеу нәтижесінде отандасымыз Айым Мейіржанова көпсайыста 8-сатыға жайғасып, лента, доп жаттығуынан финалға жолдама алды. Ал Айбота Ертайқызына 5-орын шығыршық, лента және ұршықпен финалда өнер көрсетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ топтық сайыста Қазақстан командасы 2 жаттығуда (лента және 3+2) артық сынға шықты.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес