15.06.2025 | 14:10

КӨРКЕМ ЖҮЗУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНДА АРТУР МАЙДАНОВ ПЕН ВАЛЕРИЯ СТОЛБУНОВА ЖҮЛДЕ АЛДЫ

Көркем жүзуден Сиань (Қытай) қаласында өтіп жатқан әлем кубогының шешуші кезеңінің қорытындысы бойынша тағы бір отандастарымыз үздік үштікке енді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Аралас дуэт бағдарламасында сынға түскен Артур Майданов пен Валерия Столбунова қола жүлдеге ие болды. Айта кетейік, осыған дейінгі әлем кубогы кезеңдері Франция, Мысыр, Канада мемлекеттерінде өткен.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес