05.02.2023 | 10:08

Кристина Овчинникова Чехиядағы халықаралық турнирде қола медальге қол жеткізді

Кристина Овчинникова Чехияның Густопече қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жабық кешендегі XXIII халықаралық турнирде 3-орын алды. Ұлттық құрама спортшысы 1.95 метр биікке секірді.

Ұлыбританиялық Морган Лейк үздік нәтиже көрсетіп қана қойған жоқ (1.99 метр). Өз елінің осы бағдарламадағы рекордын жаңартты. Осыған дейін Ұлыбританиядағы үздік көшсеткіш Катарина Джонсон-Томпсонға тиесілі болған. Ал украиналық Ирина Геращенко 1.97 метрді бағындырып күміс жүлдені қанжығасына байлады.

Айта кетейік, бұл бәсекеге әлем чемпионы, аустралиялық Элеонор Паттерсон да қатысты. Алайда маусымды енді бастап жатқан атлет 6-сатыдан ғана көрінді (187 сантиметр).  

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес