26.09.2025 | 19:03

КСЕНИЯ БАЛАБАЕВА – РАПИДТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ!

Перу астанасы Лимада өтіп жатқан шахматтан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында (рапид бойынша) Ксения Балабаева жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

19 жастағы отандасымыз әлем біріншілігінің 9-турынан кейін 7 ұпай жинап, ең үздік нәтиже көрсетті.

Жарыс швейцар жүйесі бойынша 15+10 уақыт бақылауымен (әр ойынға 15 минут және әр жүріске 10 секунд қосылады) өткізілді. Балабаева екінші жарыс күнінен кейін 5 ұпаймен көш бастап тұрған. Жарыстың соңғы күнін Ксения 47-ші жүрісте Умида Омоноваға мат қойып, жеңіске жетті. Кейін Анна Журова және Афруза Хамдамовамен тең ойнап, 1-орынды мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.

Ксения Балабаева – Қазақстанның ересектер арасындағы әйелдер құрамасының мүшесі. 2024 жылы Будапеште өткен шахмат олимпиадасында күміс алған. Ел намысын бұл чемпионатта Лия Құрманғалиева мен Әмина Қайырбекова қорғады. Әмина 6 ұпай жинап 7-орынға ие болса, Лия 5 ұпаймен 12-орында мәреге жетті.

2025 жылғы әлем чемпионаты (рапид, G20)

1. WGM Ксения Балабаева (2287) – 7 ұпай;

2. WIM Афруза Хамдамова (2384, Өзбекстан) – 6½;

3. WFM Варвара Полякова (2065, FIDE) – 6½;

4. WFM Анна Журова (2189, FIDE) – 6½;

5. WIM Умида Омонова (2265, Өзбекстан) – 6;

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес