05.05.2025 | 00:19

КСЕНИЯ ИГНАТОВА ЖҮЗУДЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ

Грекия астанасы Афины қаласында жүзуден Acropolis Swim Open 2025 халықаралық жарысы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Соңғы жарыс күнінде Ұлттық құрама спортшысы Ксения Игнатова 100 метрге шалқалай жүзуде мәреге бірінші болып келіп, алтыннан алқа тақты. Оның уақыты - 01:02:02 секунд. Айта кетейік, 8 мемлекеттен 680 атлет бақ сынаған әлемдік додада Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 3 алтын, 3 күміс, 2 қола медальмен 2-ші орыннан көрінді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес