25.08.2022 | invalid

Күрестен Әлем чемпионатына баратын Ұлттық құрама тізімі белгілі болды

10-18 қыркүйек аралығында Сербия астанасы Белградта күрес түрлерінен XVII әлем чемпионаты өтеді. «Старк» аренада әлемнің түкпір-түкпірінен 800-ден астам балуан келеді. Бұл сында ел намысын қорғайтын еркін, әйелдер және грек-рим күресінің шеберлері анықталды.

Еркін күрес:

Рахат Қалжан (57 кг дейін)

Асыл Айтақын (61 кг дейін)

Әділ Оспанов (65 кг дейін)

Сырбаз Талғат (70 кг дейін)

Нұрқожа Қайпанов (74 кг дейін)

Болат Сақаев (79 кг дейін)

Азамат Дәулетбеков (86 кг дейін)

Әділет Давлумбаев (92 кг дейін)

Мамед Ибрагимов (97 кг дейін)

Олег Болтин (125 кг)

Әйелдер күресінен:

Светлана Анкичева (50 кг дейін)

Жұлдыз Ешімова (53 кг)

Марина Седнева (55 кг дейін)

Эмма Тисина (57 кг дейін)

Диана Қаюмова (59 кг дейін)

Аяулым Қасымова (62 кг дейін)

Елена Шалыгина (65 кг дейін)

Мадина Бақбергенова (68 кг дейін)

Жәмилә Бақбергенова (72 кг дейін)

Гүлмарал Еркебаева (76 кг дейін)

Грек-рим күресінен:

Аманғали Бекболатов (55 кг дейін)

Айдос Сұлтанғали (60 кг дейін)

Ғалым Қабдунасаров (63 кг дейін)

Дінмұхаммед Қошқар (67 кг дейін)

Ибрагим Мамедов (72 кг дейін)

Тамерлан Шадукаев (77 кг дейін)

Диас Қален (82 кг дейін)

Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг дейін)

Олжас Сырлыбай (97 кг дейін)

Әлімхан Сыздықов (130 кг дейін).

Чемпионатты алғаш болып 10 қыркүйекте грек-рим күресінің шеберлері бастайды. Сосын әйелдер күрессе, бәсекені еркін күрес өкілдері тәмамдайды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес