26.02.2026 | 21:27

КЁРЛИНГТЕН АРАЛАС КОМАНДАЛЫҚ САЙЫСТАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНДАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Астана қаласында кёрлингтен Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін аралас командалық сайыстағы үздіктер анықталады. Нәтижесі мынадай:

1-орын: Астана қаласы командасы

2-орын: Қостанай облысы

3-орын: Алматы облысы

Осы бағдарламадағы жүлдегерлерді ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев келіп, марапаттады.

Айта кетейік, жарысқа еліміздің 8 өңірінен 100-дан астам спортшы қатысып жатыр. Чемпионат Ұлттық құраманы жасақтау, халықаралық жарыстарға іріктеу және кёрлинг спортын өңірлерде дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр. 

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес