
13.02.2025 | 13:19
Бөлісу:
КЁРЛИНГТЕН ҚАЗАҚСТАН ЕРЛЕР КОМАНДАСЫ АЗИАДАДАҒЫ ШЕШУШІ ОЙЫНДА ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ
Бүгін IX қысқы Азия ойындарында кёрлингтен еліміздің ерлер құрамасы А тобындағы соңғы ойынында күтпеген жерден Қытайдың Гонконгынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Есеп: 5-8. Біздің спортшылар кездесуді сәтті бастаған. Алайда 6-шы және 7-эндте қарсыласқа есе жіберіп, басымдықты уыстан шығарып алды.
Біздің команданың құрамы: Абылайхан Жүзбай, Айдос Аллияр, Әділ Жұмағожа, Арман Ирджанов (Ермек Мұсайынов резервте)
Өкінішке қарай, осыған дейін топта Филиппин мен Оңтүстік Кореядан ұтылған командамыз плей-офф кезеңіне шыға алмады.
Фото: Сали Сабиров.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
АСТАНАДА КЁРЛИНГТЕН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ ӨТІП ЖАТЫР

КЕРЛИНГ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ СПАРТАКИАДА ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
