12.10.2024 | 21:21

КЁРЛИНГТЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН СӘТТІ БАСТАДЫ

Бүгін Шотландияның Абердин қаласында басталған кёрлингтен аралас командалар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан командасы жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Біздің Абылайхан Жүзбай, Тылсымай Аллиярова, Айдос Аллияр мен Мерей Тастемір Финляндия құрамасынан 5-4 есебімен басым түсті.

Қазақстан 5 эндтен кейін 2-4 есебімен жеңіліп жатқан. Кейіннен жинақы ойнап, қатарынан 3 ұпайды қатар алда да, алғашқы ұпайға қол жеткізді.

Ұлттық құраманың алдағы ойындар кестесі:

Қазақстан - Швейцария (13 қазан, сағат 00:30-да)

Қазақстан - Кения (13 қазан, 20:00)

Қазақстан - Германия (14 қазан, 16:00)

Қазақстан - Уэльс (15 қазан, 12:00)

Қазақстан - Украина (16 қазан, 20:00)

Қазақстан - Бельгия (17 қазан, 00:00)

Матчтар басталатын уақыт Астана уақытымен көрсетілді.

Айта кетейік, әлем чемпионатында барлығы 39 команда бақ сынап жатыр. Дода 19 қазанда мәресіне жетеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес