24.10.2024 | 14:48
Бөлісу:
ЛАУРА ҒАНИҚЫЗЫ МЕН АЛИНА ЕРТӨСТІК ҚОЛА МЕДАЛЬ ҮШІН КҮРЕСЕДІ
Албаия астанасы Тиранада өтіп жатқан күрестен 23 жасқа дейінгі санаттағы әлем чемпионатында екі отандасымыз қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Санаулы сəттер бұрын жұбаныш белдесуінде Лаура Ғаниқызы (50 кг) словакиялық Кристина Басичті, ал Алина Ертөстік (76 кг) биыл көктемде Еуропа чемпионы атанған украиналық Мария Орлевичті таза ұтты.
Енді екі палуанымыз кешке қола жүлдеге таласады. Лаураның қарсыласы жапониялық Уми Ито (былтырғы әлем чемпионы), Алина тағы бір жапон Нодока Ямамотоға қарсы шығады. Кешкі сессия Астана уақытымен сағат 22:15-те басталады.
«Екі жұбаныш белдесуі қатар келіп қалды. Біз үшін белдесудердің басы сәтті болмады. Лаура да, Алина да жеңіліп тұрып, ұтты. Алина өзінің оң жамбасына келетін әдісті соңына дейін жеткізіп, Еуропа чемпионын таза жеңді. Ол осы әдісін істеу үшін қарсыласын әбден дайындады. Ал Лаура соңғы секундтарда 2 ұпай алып үлгерді. Енді кешкі кездесулерге қамданамыз. Екі жапон спортшысына кешелі бері тактика құрып жатырмыз»,-деп айтты әйелдер құрамасының аға жаттықтырушысы Қуаныш Жақсыбай Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Айта кетейік, 2 спортшымыз осы бәсекедегі ең жас спортшы саналады. Алғашқысының жасы 19-да, ауыр салмақтағы палуанымыз 18-де.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЖӘМИЛА БАҚБЕРГЕНОВА – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 4 ДҮРКІН ЖҮЛДЕГЕРІ
ЖӘМИЛӘ БАҚБЕРГЕНОВА 3-РЕТ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ