26.03.2024 | 12:35

Лицензиялық Әлем Кубогына қатысатын мергендер анықталды

11-20 сәуір аралығында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында нысана көздеуден лицензиялық Әлем Кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Латын Америкасындағы жарыста ел намысын 10 мерген қорғайды. Олар:

Ислам Сатпаев, Елизавета Безрукова, Александра Ле, Арина Алтухова, Никита Шахторин, Константин Малиновский (винтовка);

Валерий Рахымжан, Эльдар Иманқұлов, Ирина Юнусметова, Руслан Юнусметов (тапанша);

Ұлттық құрама спортшылары қазір Шымкент қаласында арнайы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Рио-де-Жанейродағы кезеңде жүлде алған мергендер Париждегі ойындарға лицензия алады. Ал қалған жолдамалар мамырда Мюнхендегі Әлем Кубогының кезеңінен соң олимпиадалық рейтинг қорытындысы бойынша таратылады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес