17.04.2023 | 22:35

Мәдениет және спорт министрлігі Кубогы: боксшылар 2-айналымда

Талдықорған қаласында өтіп жатқан Мәдениет және спорт министрлігі Кубогында шаршы алаң шеберлерінің бәсекесі бел ортасына жетті. Бүгінгі 2-айналымның нәтижесі мынадай:

А тобы

Жамбыл облысының мектеп-интернат-колледжі (5-2) ШҚО мектеп-интернат-колледжі

Павлодар облысының мектеп-интернаты (1-5) К.Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі (ОРРММИК)

С тобы

СҚО Олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі (1-6) Ж.Үшкемпіров атындағы Жетісу облысының мектеп-интернат-колледжі

Ә.Молдағұлова атындағы мектеп-интернат-колледж (7-0) Жетісу облысы, Алакөл ауданындағы мектеп-интернат

Бокстан қалған B және D тобының 2-айналымдағы жекпе-жектері ертең болады. Ал таеквондо, күрес пен, дзюдодан жарыс 19 сәуірге жоспарланған.

Биылғы Кубоктың жалпы жүлде қоры 10 миллион теңге. Былтыр бұл бәсекеде Астана қаласының Қ.Мұңайтпасұлы атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі жеңімпаз атанған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес