19.11.2022 | invalid

Мадина мен Жәмила Бақбергенова биыл 2-рет бірге чемпион атанды

Бүгін АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында дәстүрлі Билл Фаррелл Мемориалы аяқталды. Байрақты бәсекеге еліміздің еркін және әйелдер күресі құрамасы қатысты.

Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында әпкелі-сіңлілі Мадина (68 кг) мен Жәмила Бақбергенова (72 кг) өз салмағында топ жарса, Марина Седнева күміс (57 кг), Алтын Шағаева (55 кг) қола жүлдегер атанды. Бұл Мадина мен Жәмила екеуі бірге алтын алған 2-бәсеке. Екі спортшы көктемде Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өткен Азия чемпионатында жеңіске жеткен.

Турнирге 18 елдің балуандары жиналды. Бұл бәсеке биыл 1-2 ақпан аралығында Айова штатында ұйымдастырылған еді. Оған қазақстандық бозкілем шеберлері қатыспаған. Бұл турнирге аттанған қазақстандық балуандар тізімі мынандай:

61 келі – Мейрамбек Қартбай (Ақтөбе облысы);

61 келі – Рахат Қалжан (Жамбыл облысы);

61 келі – Асылжан Есенгелді (Түркістан облысы);

65 келі – Ақбар Құрбанов (Алматы облысы);

65 келі – Адлан Асқаров (Алматы облысы);

70 келі - Әуез Сейітбаев (Алматы қаласы);

70 келі – Азамат Шағапұлы (Қызылорда облысы);

74 келі – Санжар Досжанов (Алматы қаласы);

79 келі – Тілек Қабыкенов (ШҚО);

79 келі – Шыңғыс Мұхаметқалиев (ШҚО);

86 келі – Болат Сақаев (Атырау облысы);

86 келі – Исламбек Ілиясов (Павлодар облысы);

86 келі – Айбек Айтбеков (Қостанай облысы);

97 келі – Мамед Ибрагимов (Павлодар облысы);

97 келі - Әкежан Айтбеков (Қостанай облысы);

125 келі - Әлішер Ерғали (Жамбыл облысы);

53 келі – Алтын Шағаева (Алматы облысы);

55 келі – Марина Седнева (Алматы облысы);

68 келі – Мәдина Бақбергенова (Астана қаласы);

72 келі – Жәмила Бақбергенова (Астана қаласы).

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес