11.07.2026 | 18:07

МАКСИМ БАЛАБИН ҚЫТАЙДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан U23 Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты.

Максим Балабин ерлер арасындағы онсайыс қорытындысы бойынша үшінші орын иеленіп, қолаға қол жеткізді. Жарыс барысында спортшымыз сырықпен секіруде 5,05 метр нәтижемен үздік үштікке енді.

Айта кетелік, бұл – Ұлттық құраманың аталған құрлықтық додадағы екінші жүлдесі. Бұған дейін Анастасия Рыпакова ұзындыққа секіруден күміс медаль жеңіп алған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес