14.09.2023 | 17:02

«Мәңгілік алау» Ханчжоуға 20 қыркүйекте жетеді

Бүгін Ханчжоу қаласында өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарының алау эстафетасы өз шеруін бастап кетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Енді «Мәңгілік алау» деген атау алған, салмағы бір келіден асатын алау Ханчжоу өзенінің батысынан шығып, Чжэцзян аумағындағы Хучжоу, Цзясин, Шаосин, Нинбо, Чжоушань, Тайчжоу, Вэньчжоу, Лишуй, Цзиньхуа мен Цюйчжоу сынды 11 ірі қаланы аралап, ойындар өтетін жерге 20 қыркүйекте оралады. Осы аралықта оны Азия Олимпиада кеңесіне кіретін 45 Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілі ұстап, 50 метр жүгіріп өтуі керек. Ал 23 қыркүйектегі салтанатты ашылу рәсімі кезінде 6 атлет алауды жағуға көмектеседі.

Бұл ойындар 45 Ұлттық Олимпиада комитетінен келген 12 417 спортшы мен 4975 ресми өкілдің басын 8 қазанға дейін қосады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес