04.10.2023 | 18:02

Мақсат Сайлау Азия ойындарын 5-орында аяқтады

Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында грек-рим күресінің палуаны Мақсат Сайлау (87 кг) қола медаль үшін белдесуде жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жүлде жолында 21 жастағы қазақ спортшысы Масато Сумидің (Жапония) мықтылығын мойындады.

Мақсат күндіз алғашқы белдесуінде Хиеу Динь Нгиемді таза ұтып, ширек финалда әлем чемпионатының екі, Азия чемпионатының 4 дүркін жүлдегері өзбек палуаны Жалғасбай Бердімұратовқа жол берген.

Қазір Қазақстан құрамасы 50 медальмен жалпы есепте 13-сатыда тұр. Оның бесеуі алтын, 11-і күміс, 34-і қола.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес