18.06.2025 | 16:06

МАРАТ БАЙКАМҰРОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН СЕНІМДІ БАСТАДЫ

Дзюдодан әлем чемпионатының алтыншы күнінде 100 келі салмақта күресетін Марат Байқамұров кубалық қарсыласы Зали Рамиреске ауырту әдісін сәтті пайдаланып, «иппон» ұпайымен жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Мараттың келесі қарсыласы Париж Олимпиадасының чемпионы Зелим Коцоев (Әзірбайжан) болмақ. Айта кетейік, Нұрлыхан Шархан екінші айналымда бразилиялық Леонардо Гонсалвешке есе жіберді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес