10.05.2026 | 18:29

МАРАТ БАЙҚАМҰРОВ QAZAQSTAN BARYSY GRAND SLAM ТУРНИРІНІҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Астанада өтіп жатқан дзюдодан әлемдік рейтингтік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын жүлдемен толықты.

Ерлер арасында 100 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Марат Байқамұров финалда Молдова өкілі Гимбовчи Вадимнен басым түсіп, турнир чемпионы атанды. Айта кетсек, Марат Байқамұров 2025 жылғы Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанған. Биыл ол өз нәтижесін жақсартып, алтын медаль жеңіп алды.

Осылайша, Қазақстан қоржынына тағы бір алтын жүлде түсіп, тарих жаңартылды. Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында алғаш рет екі күн қатарынан чемпион шықты.

Отандасымыздың жарыстағы жолы:

1/16 финал. Михейли Бекаури (Қырғызстан)

1/8 финал. Мичал Жедрежевски (Польша)

Ширек финал. Симеон Казарина (Нидерланд)

Жартылай финал. Майкл Коррел (Нидерланд)

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес