20.11.2025 | 13:29

МАРИАН ЖУРАВЛЕВА – ИСЛАМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

Сауд Арабиясында өтіп жатқан VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында джиу-джитсудан бірінші алтын медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы.

70 кг дейінгі салмақта сынға түскен Ұлттық құрама спортшысы Мариан Журавлева Марокко өкілі Арбиб Ясмин, Иран спортшысы Хасти Хамуди, Даниа Обейдті (Палестина) жеңіп, мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, бүгін сессияда Серік Алдияр да 69 келіде финалға өтті.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес