26.02.2023 | 08:41
Бөлісу:
Марина Седнева мен Юсуп Батырмұрзаев Александрияда қола медаль алды
Мысырдың Александрия қаласында өтіп жатқан турнирде қазақстандық балуандар тағы 2 медальге қол жеткізді. Үшінші жарыс күні әйелдер арасында 55 кг дейінгі салмақта Марина Седнева қола медаль алды.
Жарысты ширек финалдан бастаған отандасымыз америкалық спортшыны 6-2 есебімен ұтқан. Алайда жартылай финалда түркиялық Бадиха Гунге есе жіберді. Қола медаль үшін белдесуде үндістандық Сушма Шокеннен басым түсті.
Осыған дейін әйелдер күресінде аса ауыр салмақтағы Эльмира Сыздықова үздік үштікті түйіндеген.
Ал еркін күресте аса ауыр салмақта Юсуп Батырмұрзаев алғашқы кездесуінде әйгілі түркиялық балуан Таха Ақгүлге жол берген. Әккі қарсыласы финалға шыққандықтан Юсуп жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. Ұлттық құрама өкілі үндістандық Динеш пен америкалық Николас Эдвардтың осал тұсын таба білді.
Бүгін, соңғы жарыс күн еркін күрестен 57, 61, 65, 70, 74, 79, 86, 92 келідегі үздіктер белгілі болмақ.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЖӘМИЛА БАҚБЕРГЕНОВА – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 4 ДҮРКІН ЖҮЛДЕГЕРІ
ЖӘМИЛӘ БАҚБЕРГЕНОВА 3-РЕТ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ