01.10.2023 | 14:43

Мария Дмитриенко Ханчжоуда 2-жүлдесіне қол жеткізді

Мерген Мария Дмитриенко Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарындағы екінші медалін мойнына тақты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол стенд атудың трап бағдарламасында жекелей сында финалға шығып, қола жүлдегер атанды (34 балл). Оның алдын Қытай құрамасының спортшылары Синьцю Жан (алтын) мен Куикуи Ву (күміс) орап кетті. Синьцю Жан 47 ұпай алып, Азия ойындарының және сары құрлық чемпионатының рекордын тіркеді.

Ақтық сында Ұлттық құраманың тағы бір атлеті Айжан Досмағамбетова 27 ұпаймен 4-сатыдан көрінді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес