30.07.2024 | 17:16

МАРИЯ ДМИТРИЕНКОНЫҢ ФИНАЛҒА ШЫҒАТЫН ЖАҚСЫ МҮМКІНДІГІ БАР

Париж Олимпиадасында стенд атудан әйелдер арасындағы іріктеу кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Трап бағдарламадасында отандасымыз Мария Дмитриенко алғашқы күн 73 ұпаймен 4-орынға жайғасты. Оның 2 оғы нысанаға тимей қалды.

Енді ертең іріктеудің 2-күні. Дмитриенко үздік алтылықтағы орнын сақтап қалса, финалға шығады. Ақтық сын ертең кешке өтеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес