22.09.2022 | 12:26
Бөлісу:
Мария Федотова – айдында жүзуден Азия чемпионатының қола жүлдегері
Мария Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан айдында жүзуден Азия чемпионатында 5 шақырымға жарыста мәреге үшінші болып келді. Алтынды жапониялық спортшы жеңіп алса, Гонконг жүзгіші күміске қол жеткізді.
Қазақстанның тағы бір өкілі Диана Тасжанова 5-сатыға тұрақтаса, Ирина Архипова 7-ші болып мәреге жетті. Ерлер арасында Виталий Худяков бесінші, Ғалымжан Балабек алтыншы, Лев Черепанов 7-орын алды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: