09.09.2024 | 17:14

МАС-РЕСТЛИНГТЕН 2 ҚАЗАҚ СПОРТШЫСЫ ҚОЛА ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ

Бүгін Астана қаласында өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында саха халқының ұлттық спорты таяқ тартыстан (мас-рестлинг) медальдар сарапқа салынды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл сайыста 2 отандасымыз үздік үштікті түйіндеді. Ерлер арасында 65 кг салмақта Бірімжан Асылмұрат үшінші орынға таласты монголиялық спортшы Тцеренцогол Пуревсуренмен кездесіп, қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.

Одан бөлек, әйелдер арасында 55 келі салмақта Тахмина Қожамбердиева үшінші орынға таласта Мажарстаннан келген қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктірді. Тахмина Қожамбердиева Қазақстан қоржынына мас-рестлингтен екінші жүлдені салып отыр.

Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында мас-рестлингтен 31 мемлекеттен 98 спортшы бақ сынап жатыр.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес