08.04.2025 | 23:40

МЕРГЕН НИКИТА ЧИРЮКИН ЖҮЛДЕГЕ БІР ТАБАН ЖЕТПЕЙ ТОҚТАДЫ

Аргентина астанасы Буэнос-Айресте нысана көздеуден өтіп жатқан әлем кубогында 25 метрден тапаншамен оқ атудан финал аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы Никита Чирюкин бұл сында 4-орыннан көрінді. Ол ақтық сында 18 ұпай жинады.

Алтынды Азия чемпионы, Азия ойындарының қола жүлдегері Виджайвир Сидху (Үндістан) мойнына тақты. Одан кейінгі сатыға Риккардо Маццетти (Италия) мен Ю Янг (Қытай) жайғасты.

Күндіз Никита іріктеуде 582 ұпаймен 1-орын алып, сенімді түрде финалға жолдама алған.

Қалған Ұлттық құрама спортшыларының нәтижесі:

Руслан Юнусметов 18-орын

Артемий Кабаков 20-орын

Қазақстан қазір әлем кубогында 1 қола медальмен жалпы есепте 10-орында тұр. Жарыс 11 сәуірде аяқталады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес