27.04.2025 | 14:47

МЕЙІРЛАН МАКСИМ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан дзюдодан құрлық чемпионатында Ұлттық құрама қоржынына қола жүлде түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Мейірлан Максим тәжік спортшысы Умеджон Ражабовтың қосымша уақытта (golden score) жауырынын жерге тигізіп, 90 кг дейінгі салмақта 3-орыннан көрінді.

Сондай-ақ осы салмақтағы Ермахан Әнуарбеков жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған жапон палуаны Комей Кавабатадан қосымша уақытта (golden score) ұтылып, 5-сатыға тұрақтады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес