11.04.2024 | 12:58

Мейрамбек Қартбай қола жүлде үшін күреседі

Ұлттық құрама спортшысы Мейрамбек Қартбай Қырғызстан астанасы Бішкекте басталған күрестен Азия чемпионатының жартылай финалында қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Мейрамбек пен Кенто Юмия арасындағы белдесу 2-4 есебімен жапон палуанының пайдасына аяқталды. Қазақстандық ширек финалда (57 кг)  өзбекстандық Нодирбек Жұманазаровтың жолын кесіп, жартылай финалға шыққан.

Осыған дейін ширек финалда Мейіржан Әшіров (70 кг) тәжікстандық Мұстафо Ахмедовтан, Санжар Мұхтар (65 кг) Рохит Рохиттан (Үндістан) жеңіліп қалған.

Айта кетейік, 57 кг дейінгі салмақта Рахат Қалжан былтыр Астанада өткен Азия чемпионатында қола, ал 2022 жылы Ұлан-Батырда күміс медаль алған.

Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес