
08.03.2025 | 13:55
Бөлісу:
МИЛАД КАРИМИ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ТАҒЫ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде Милад Карими күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама көшбасшысы еркін жаттығудың финалында 14.300 балл жинады. Кеше ол іріктеуді 1-орынмен аяқтаған (13.833 ұпай).
Бұл бағдарламада Егор Шеремков (Беларусь) топ жарса, Назар Чепурный (Украина) үздік үштікті түйіндеді.
Еске сала кетейін, Милад осыған дейін Германияның Котбус қаласында өткен әлем кубогының алғашқы кезеңінде еркін жаттығуда алтын медаль жеңіп алған.
Фото: Сали Сабиров.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық


МИЛАД КАРИМИ МЕН АЛТЫНХАН ТЕМІРБЕК ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

МИЛАД КАРИМИ ОСИЕКТЕГІ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ТОП ЖАРДЫ