19.04.2025 | 21:43

МИЛАД КАРИМИ ДОХАДАҒЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ТАҒЫ АЛТЫН МЕДАЛЬ АЛДЫ

Дохада (Қатар) өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңінде Ұлттық құрама көшбасшысының бірі Милад Карими керме жаттығуында топ жарды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгінгі финалда Милад Карими 14.500 ұпай алды. Күміс 14.400 ұпай алған Тан Чиа Хунға (Қытайдың Тайбэйі), қола Тан Циге (Қытай) бұйырды.

Айта кетейік, кеше Милад еркін жаттығудан жоғары нәтиже көрсетіп, алтын медаль жеңіп алған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес