07.06.2025 | 11:57

МИЛАД КАРИМИ - ЕРКІН ЖАТТЫҒУДА АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Ұлттық құрама көшбасшысының бірі Милад Карими Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыз еркін жаттығудың ақтық сынында 14.400 балл жинады. Мұнда Париж Олимпиадасының чемпионы Карлос Эдриэль Юло (Филиппин) топ жарды. Оның еншісінде 14.600 ұпай. Үздік үштікті Оңтүстік Корея гимнасты Мун Гён Ён түйіндеді (14.033 балл) 

Тағы бір отандасымыз Дмитрий Патанин финалда 13.833 ұпаймен, 4-сатыдан көрінді. 

Еске сала кетейік, былтыр Өзбекстан астанасында өткен сары құрлық чемпионатында еркін жаттығуда Карлос Юло топ жарып, Милад күміс медаль олжалаған.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес