
28.04.2025 | 19:54
Бөлісу:
МИЛАД КАРИМИ КАИРДЕГІ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА 2 АЛТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ
Мысыр астанасы Каирде спорттық гимнастикадан әлем кубогының шешуші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Милад Карими бүгін керме жаттығуында топ жарды. Кеше ол еркін жаттығуда алтыннан алқа таққан.
Финал, керме жаттығуы:
1. Милад Карими – 14.466
2. Георгиу Мариос – 14.066 (Кипр)
3. Ноэ Сейферт – 13.866 (Швейцария)
Айта кетейік, бұл додаға 19 елден 91 қатысушы жиналды. Бүгін Милад биылғы әлем кубогы кезеңдеріндегі алтын санын алтауға жеткізді. Бұл Карими үшін карьерасындағы әлем кубогындағы ең табысты маусым. Биылғы алтын жеңіп алған кезеңдерге шолу:
Котбус – еркін жаттығуда алтын;
Осиек – керме жаттығуы;
Доха – еркін және керме жаттығуы;
Каир – еркін және керме жаттығуы;
Отандасымыз осыған дейінгі жылдары әлем кубогында 3 рет (Осиек 2021 жыл, Баку 2023 жыл, Доха 2024 жыл) топ жарған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

