
30.06.2025 | 17:32
Бөлісу:
МИЛАН-2026: ШОРТ-ТРЕКТЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ САПАЛЫ ДАЙЫНДЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА
Қазір шорт-тректен Қазақстан құрамасы Астанадағы «Алау» мұзайдынында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бұл Милан Олимпиадасына даярлықтың үшінші кезеңі. Атап айтарлығы, спорттың бұл түрінен осыған дейінгі Олимпиадалар кезінде біздің командада мұндай жан-жақты жұмыс жүргізілмеген.
Ұлттық құрамадағы оң өзгерістер:
1. Былтырдан бастап Ұлттық құрама бас бапкерінің кеңесшісі ретінде ТОП бапкер Вильма Бумстра жұмыс істейді. Нидерланд маманы өз елінің және АҚШ командасымен ірі жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен.
2. Енді болгариялық дәрігері Эмиль Трифонов біздің спортшылармен бірге. Ол осыған дейін 2 Олимпиада қарсаңында халықаралық допингке қарсы агенттікте қызмет атқарған. Бүгінде бірнеше араб елдерінің Олимпиада комитетіне, ТОП футболшыларға қайта қалыпқа келу бойынша кеңес береді. Трифоновтың мол тәжірибесі қазақ спортшыларына фармакология жағынан септеседі.
3. Ұлттық құраманың сервисмендер қатары ТОП механикпен толықты. Эмре Эмиль Бейжіңдегі ойындарда Мажарстан құрамасымен жұмыс істеп, тұңғыш Олимпиада чемпионын шығаруға атсалысқан.
Бүгінде мұндай жүйелі жұмыс саладағы вертикальды билік жүйесінің түзілуі мен жаңа заңнамалық өзгерістердің арқасында мүмкін болып отыр.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ШОРТ-ТРЕК: ЕЛОРДАДА VI ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ


ШОРТ-ТРЕКТЕН ЕРЛЕР КОМАНДАСЫ ӘЛЕМДІК ТУРДА ЖҮЛДЕ АЛДЫ