
29.03.2025 | 07:55
Бөлісу:
МИЛАН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛИЦЕНЗИЯСЫ ҚОРЖЫНҒА ТҮСТІ
Мәнерлеп сырғанаудан АҚШ-тың Бостон қаласындағы әлем чемпионатында әйелдер бәсекесі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Еркін бағдарламада сынға түскен Софья Самоделкина жалпы жарыста 181.36 ұпай жинап, 14-орыннан көрінді. Нәтижесінде ол 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік алды.
Айта кетейік, арулар арасынан осыған дейін 2018 жылғы Пхёнчхан Олимпиадасында Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Мамбекова жүлдеге таласқан. Ал 2022 жылы Бейжің Олимпиадасына ешкім бармаған.
Ал чемпион атағын кәсіби спортқа қайта оралған 19 жастағы Алиса Лю алғаш рет жеңіп алды.
Әйелдердің еркін бағдарламасы, 24 қатысушы:
1. Алиса Лью – 222.97 ұпай
2. Каори Сакамото – 217.98
3. Монэ Тиба – 215.24
14-орын Софья Самоделкина – 181.36
Ертең еркін бағдарламада Михаил Шайдоров өнер көрсетеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

