20.04.2025 | 16:32

МӨЛДІР ЖАҢБЫРБАЙ – КАИР ПРЕМЬЕР-ЛИГАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ!

Санаулы сәттер бұрын Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан каратэден Премьер-лига бәсекесінде 50 кг дейінгі салмақтағы финал аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бұл салмақтағы тұңғыш әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай мен Эма Сгарделли (Хорватия) арасындағы жекпе-жекте отандасымыз басым түсті.

Осылайша, біздің спортшымыз қатарынан жылдың үшінші Премьер-лига бәсекесінде жүлде алды. Парижде қола, Ханчжоуда күміс жүлдегер атанған.

Мөлдір Премьер-лига санатындағы рейтингте көш басындағы орнын нығайта түсті.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес