
19.04.2025 | 12:08
Бөлісу:
МӨЛДІР ЖАҢБЫРБАЙ КАИР ПРЕМЬЕР-ЛИГАСЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ
Мысыр астанасы Каирде каратэден (WKF) жылдың кезекті Премьер-лига санатындағы жарысы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Кумите бағдарламасында 50 кг дейінгі салмақтағы Ұлттық құрама көшбасшысы Мөлдір Жаңбырбай іріктеуден сүрінбей өтіп, финалға шықты. Ертең оның ақтық айқастағы қарсыласы Эма Сгарделли (Хорватия). Мөлдірдің финалға дейінгі нәтижесі:
Жартылай финал: Рем Ахмед Салама (Мысыр) 7-4
Ширек финал: Аика Оказаки 2-2
Топтық кезең:
Юлия Палашевская (Украина) 6-1
София Будербан (Франция) 1-1
Мөлдір осыған дейін Парижде өткен алғашқы Премьер-лигада қола, Ханчжоуда күміс жүлдеге қол жеткізген. Бұл финал оның рейтингтегі 1-орнын сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Барлығы Мысырдағы жарысқа 68 елден таңдаулы 383 спортшы жиналды. Қазақстанда жарысты Sport +Qazaqstan телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
КАРАТЭДЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАТЫН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА АНЫҚТАЛДЫ

ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ БАС БАПКЕРІ АТАНДЫ


МӨЛДІР ЖАҢБЫРБАЙ – КАИР ПРЕМЬЕР-ЛИГАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ!