26.06.2025 | 10:41

МУАЙТАЙ: ҚАЗАҚСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 7 АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

Вьетнамның Тхайнгуен қаласында муайтайдан барлық жас санатында Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Биыл командасы сапында 24 отандасымыз жүлдеге таласты. Нәтижесінде U23 және ересектер кіретін А санатында Ұлттық құрама жалпы есепте Таиландтан кейін 2-орынға тұрақтады. Қазақстан спортшылары 7 алтын, 7 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды. Жүлдегерлер тізімін Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтынан көре аласыздар.

Біздің жетістіктер:

- Команда капитаны Әбіл Ғалиев – тай боксынан 2 дүркін Азия чемпионы атанған тұңғыш отандасымыз.

- Даяна Дүйсенғали - «Әйелдер арасында үздік спортшы» («Best female fighter») атанды.

- Қазақстан құрамасы Азия муайтай федерациясының (FАMA) арнайы сыйлығына -  «Best fair play team» ие болды.

Айта кетейік, биылғы чемпионатқа Азия мен Тынық мұхиты аумағындағы 20 елден 200-ге жуық спортшы қатысты.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес