
03.03.2025 | 01:03
Бөлісу:
MUHAMET MALO: ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ПАЛУАНДАР АЛБАНИЯДАҒЫ РЕЙТИНГТІК ТУРНИРДЕ 3 ЖҮЛДЕ АЛДЫ
Бүгін Албания астанасы Тиранада Muhamet Malo рейтингтік турнирі мәресіне жетті. Турнирді аяқтаған еліміздің грек-рим күресінің шеберлері 3 қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ерасыл Мамырбеков пен Ерсін Абыйр 55 кг дейінгі салмақта жартылай финалда сүрінді. Қола медаль үшін күресте Ерасыл жарыс қожайынын, Ерсін қырғыз спортшысынан басым түсті.
Ал 67 кг дейінгі салмақта сынға түсетін Бағдат Сабаз да жартылай финалда Молдова өкіліне есе жіберіп, кіші финалда қытайлық қарсыласына бет қаратқан жоқ. Осы салмақта қолаға таласқан тағы бір отандасымыз Мадияр Мәулітқанов грузиялық палуанға жол берді.
Биылғы Muhamet Malo турниріндегі Қазақстанның нәтижесі:
Еркін күрес - 1 күміс, 2 қола
Әйелдер күресі - 1 алтын, 1 қола
Грек-рим күресі - 3 қола
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: