06.03.2024 | 16:31

Мұзға өрмелеуден ел чемпионатында астаналықтар жалпы есепте топ жарды

Алматы қаласындағы Skala climbing gym спорт кешенінде мұзға өрмелеуден ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жарыс жолына шыққан жастар мен жасөспірімдер командалары арасында Астана қаласының спортшылары бас жүлдеге ие болды. Ал, Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы екінші орыннан көрінді. Шығыс Қазақстан облысының талантты саңлақтары қола медалді қанағат етті.

Додаға еліміздің 6 өңірінен 28 қатысушы келді. Чемпионатқа арнайы Астанадан келіп қатысқан альпинизмнен ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Сергей Беляков республикамызда альпинизм спорты әлемдік  деңгейде дамып жатқанын  жеткізді.

«Жеңіске деген құштарлықтың керемет үлгілерін көрдік деп нық сеніммен айта аламын. Осы бес күн ішінде біздің майталман спортшыларымызбен қатар жастарымыз өздерінің шеберліктерін, өнерін көрсетті. Сөйтіп, барлық жанкүйерлерге, ата-аналарына керемет көңіл-күй сыйлады. Енді бізді алда әлі көптеген жарыстар күтуде. Тоқтамаймыз!», - деді Сергей Беляков.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

Жылдамдық, ұлдар (16-18 жас аралығы):

1 орын - Андрей Попов (Астана қ.)

2 орын - Мұхаммед Бейсенов (СҚО)

3 орын - Кирилл Шумихин (ШҚО)

Жылдамдық, ұлдар (13-15 жас аралығы):

1 орын - Леонид Палыгалов (Астана қ.)

2 орын - Дмитрий Рис (СҚО)

3 орын - Владислав Фёдоров (Қарағанды қ.)

Жылдамдық, қыздар (13-15 жас аралығы):

1 орын - Нұрсұлу Нәлтай (Астана қ.)

Жылдамдық, қыздар (16-18 жас аралығы):

1 орын - Анна Денисова (СҚО)

2 орын - Мария Попова (Астана қ.)

Көпсайыс, ерлер (19-21 жас):

1 орын - Мейірман Сағынтай (Астана қ.)

Көпсайыс, ұлдар (16-18 жас):

1 орын - Андрей Попов (Астана қ.)

2 орын - Никита Власов (ШҚО)

3 орын - Кирилл Шумихин (ШҚО)

Көпсайыс, қыздар (13-15 жас):

1 орын - Нұрсұлу Нәлтай (Астана қ.)

Көпсайыс, қыздар (16-18 жас)

1 орын - Анна Денисова (СҚО)

2 орын - Мария Попова (Астана қ.)

3 орын - Александра Иванова (СҚО).

Суреттердің авторы – Жазира Нұртаева.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес