15.05.2023 | 09:34

Мысырдағы Әлем Кубогы кезеңі Ұлттық құрама үшін сәтті өтіп жатыр

Мысырдың Хургада қаласында артистік жүзуден Әлем Кубогының кезекті кезеңі өтіп жатыр. Бүгін Ұлттық құрама спортшылары үшін жарыс сәтті болып, қоржынымызға қос жүлде түсті.

Әуелі Қазақстан командасының көшбасшысы Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жұбы техникалық бағдарламада 229,1042 балл жинап, күміс медаль жеңіп алды. Олар биыл Канадада өткен кезеңде үздік үштікті түйіндеген еді. Алтын «Жыл мезгілдері» туындысына өнер көрсеткен испаниялық Фернандо Диас дель Рио Сото мен Эмма Гарсияның еншісінде кетті.

Осыдан кейін аралас командалық сынның еркін бағдарламасында Қазақстан 277,3750 ұпаймен Италия мен Мысырдан кейінгі сатыға тұрақтады. Сондай-ақ Эдуард Ким жекелей сындағы еркін бағдарламаның финалына шығып, 5-сатыдан көрінсе, Арина Пушкина мен Ясмин Тұяқова жұбы техникалық бағдарламаның финалында 5-орынға жайғасты. Ертең Әлем Кубогының 3-кезеңі мәресіне жетеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес