
02.05.2025 | 14:58
Бөлісу:
НҰРМҰХАМЕТ БОТАБАЙ ДУШАНБЕДЕГІ ҮЛКЕН ДУЛЫҒА ЖАРЫСЫН ЖҰБАНЫШ КЕЗЕҢІНДЕ АЯҚТАДЫ
Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан Үлкен дулыға санатындағы жарыстың күндізгі сессиясы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз Нұрмұхамет Ботабай (-66 кг) жұбаныш белдесуінде Түркменстан өкілі Тойлы Мырадовқа есе жіберіп, қола жүлдеге таласу мүмкіндігінен айырылды. Осыған дейін Ботабай алғашқы айналымда Дэнг Суды (Қытай) кейін Азия чемпионы Сардор Нуриллаевты (Өзбекстан) ұтқан. Алайда ширек финалда Яшар Наджафовқа (Әзірбайжан) жол берді.
Айта кетейік, кешке Абиба Абужақынова өзбекстандық Ұлбосын Хакимовамен қола медаль үшін күреседі. Ол жартылай финалда қытайлық Венна Чжуаннан жеңіліп қалды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

АБЫЛАЙХАН ЖҰБАНАЗАР QAZAQSTAN BARYSY БӘСЕКЕСІНДЕ ЖҮЛДЕ АЛДЫ

ЕСЕТ ҚУАНОВ QAZAQSTAN BARYSY GRAND SLAM ТУРНИРІНДЕ ҚОЛА ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

ТАЛҒАТ ОРЫНБАСАР – GRAND SLAM ТУРНИРІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ