20.03.2026 | 20:19
Бөлісу:
НҰРҚАНАТ СЕРІКБАЕВ – ТБИЛИСИДЕГІ GRAND SLAM ЖАРЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Нұрқанат Серікбаев Тбилисиде өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде топ жарды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақта финалда әзірбайжандық Туран Байрамовты соңғы сәттегі нәтижелі әдіспен жеңіп, юко ұпайымен алтын медаль еншіледі.
Спортшымыз жарыс барысында бес кездесу өткізіп, барлығында басым түсті. Ол іріктеу кезеңінде Рашид Елкиев пен Дрисс Массон Жбилоуды, кейін Петрос Шрицодоулидес пен Давид Гарсиа Торнені жеңіп, финалға жолдама алған еді.
Бұл – Қазақстан құрамасының аталған турнирдегі екінші жүлдесі. Бұған дейін Талғат Орынбасар 60 келіге дейінгі салмақта қола медаль иеленген.
Айта кетейік, жарысқа 51 елден 386 спортшы қатысуда. Турнир 22 наурызға дейін жалғасады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: