08.06.2025 | 14:41

НҰРТАҢ ЫДЫРЫСОВ - ОҢТҮСТІК КОРЕЯДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Чечхон қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына үшінші алтын жүлде түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жасөспірімдер арасында қос сырық жаттығуында Нұртаң Ыдырысов үздік нәтиже көрсетті. Ол ақтық сында 13.933 ұпай иеленді.

Күміс медаль жарыс қожайыны Ча Йеджунда (13.833 ұпай), үздік үштікті Томохару Танида 13.333 ұпаймен түйіндеді. Тағы бір отандасымыз Роман Хегай жүлдеге бір табан жетпей тоқтады (13.233 балл).

Айта кетейік, Нұртаң бүгін жекелей сындағы 5 жаттығудың финалында сынға түсіп, 1 алтын, 1 күміс жеңіп алды.
Нәтижесі: 
Қос сырықта 1-орын
Тұтқалы ат снарядында 2-орын 
Шығыршық жаттығуында 4-орын
Тіреніп секіруде 7-орын 
Еркін жаттығуда 8-орын 

Сондай-ақ Роман Хегай керме жаттығуының финалында 7-сатыдан көрінді. Осымен жасөспірімдер арасындағы жарыс аяқталды.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес